Skip to content

BlackBerry Passport SQW100-1 Smartphone

RGY181LW

Қауіпсіздік туралы ақпарат

BlackBerry смартфонын (кейін смартфон ретінде қолданылады) пайдаланбас бұрын, осы құжатта берілген қауіпсіздік және ережелер туралы ақпаратты қарап шығыңыз. Осы құжатты керек кезде пайдалану үшін сақтап қойыңыз.

Кейбір елдерде Bluetooth мүмкіндігі қосулы және кодталған бағдарламалық құралы бар сымсыз құрылғыларды пайдалану шектелген болуы мүмкін. Аймағыңыздағы шектеулерді жергілікті басқару органдарынан сұрап біліңіз.

Соңғы қауіпсіздік және өнім туралы ақпаратты www.blackberry.com/safety веб-сайтына кіріп табуға болады.

Соңғы кепілдік туралы ақпаратты www.blackberry.com/legal веб-сайтына кіріп табуға болады.

Маңызды қауіпсіздік нұсқаулары

Осы диаграммада төмендегі мәтінде сипатталған құрамдас бөліктер көрсетілген.

Смартфонмен тек мақұлданған батареялар мен зарядтағыштарды пайдаланыңыз. BlackBerry компаниясы мақұлдамаған батареяларды немесе зарядтағыштарды пайдаланудан өрт шығып немесе жарылып, ауыр жарақат алуыңыз, өліп кетуіңіз не мүліктен айрылуыңыз мүмкін.

Тек BlackBerry компаниясы мақұлдаған қалталарды пайдаланыңыз. BlackBerry мақұлдамаған қалталарды пайдалану смартфонның радиожиілік сигналдарын шамадан тыс асырып жіберуі мүмкін.

Осы диаграммада төмендегі мәтінде сипатталған құрамдас бөліктер көрсетілген.

Смартфонды денеден кемінде 1,5 см (0,59 дюйм) алыс ұстаңыз. Смартфонды денеге таққанда, тек біртұтас белдік қапсырмасы бар қосалқы құралдарды пайдаланыңыз; егер BlackBerry компаниясы қосалқы құралды бермесе, қосалқы құралдың құрамында металдың жоқтығын тексеріңіз. Егер бұл нұсқауларды сақтамасаңыз, смартфон радиожиілік сигналдарын шығару стандарттарынан асып кетуі мүмкін. Радиожиілік сигналдарын шығару стандарттарының денсаулыққа ұзақ уақыт әсері қазіргі таңдағы ғылыми зерттеу пәні болмақ.

Осы смартфонның FCC агенттігінің радиожиілік сигналдарын шығару нұсқауларына сәйкестігі туралы қосымша ақпарат алу үшін www.fcc.gov/oet/ea/fccid веб-торабына кіріп, смартфонның төмендегі FCC кодын іздеңіз. FCC коды смартфоныңыздың артында орналасқан.

  • BlackBerry Passport SQW100-1 смартфоны (үлгі нөмірі: RGY181LW): FCC ID L6ARGY180LW
Осы диаграммада төмендегі мәтінде сипатталған құрамдас бөліктер көрсетілген.

Смартфоныңыз 0 - 35°C (32 - 95°F)аралығындағы температураларда жұмыс істейтін етіп жасалған. Смартфонды ұсынылған температура ауқымынан тыс пайдалану смартфонды не литий-ионды батареяны зақымдауы мүмкін.

Осы диаграммада төмендегі мәтінде сипатталған құрамдас бөліктер көрсетілген.

Төтенше жағдайда смартфонға сенім артпаңыз. Жедел жәрдем шақыруға немесе хабарлама жіберуге қажетті сымсыз желі барлық аймақтарда бола бермейді және 911, 112 немесе 999 сияқты жедел жәрдем нөмірлері сізді жедел жәрдем қызметтеріне барлық аймақтарда байланыстыра бермеуі мүмкін.

Осы диаграммада төмендегі мәтінде сипатталған құрамдас бөліктер көрсетілген.

Смартфон мен смартфонның қосалқы құралдары балаларға арналмаған. Егер балаға смартфон не смартфонның қосалқы құралдарын пайдалануға не ұстауға рұқсат етсеңіз, балаңызды міндетті түрде қадағалап отырыңыз. Смартфонда балаларға тұншығу қаупін төндіретін шағын бөлшектер бар.

Осы диаграммада төмендегі мәтінде сипатталған құрамдас бөліктер көрсетілген.

Смартфонды кардиостимуляторлар мен есту құралдары сияқты медициналық құрылғылардан аулақ ұстаңыз, себебі олар дұрыс жұмыс істемей қалып, сізге немесе басқаларға айтарлықтай зиян келтіруі немесе өлім қаупін төндіруі мүмкін.

Осы диаграммада төмендегі мәтінде сипатталған құрамдас бөліктер көрсетілген.

Смартфонды сұйықтықтарға жақындатпаңыз, себебі қысқа тұйықталуы, өрт шығуы не ток соғуы мүмкін.

Осы диаграммада төмендегі мәтінде сипатталған құрамдас бөліктер көрсетілген.

Смартфонның динамигін пайдаланғанда, смартфонды құлаққа тақап ұстамаңыз. Есту қабілетіңізге елеулі және жазылмайтын зақым келтіруі мүмкін.

Осы диаграммада төмендегі мәтінде сипатталған құрамдас бөліктер көрсетілген.

Смартфондағы жарқыл сәулесі қояншық талмасына немесе көздің қарауытуына әкелуі және сізге және басқа адамдар үшін қауіпті болуы мүмкін. Смартфонды пайдалануыңыз сіздің немесе басқалардың бағытынан адасып, есінен тануына, аяқ-қолының тартылуына, тырысуына немесе кез келген еріксіз қозғалысына себеп болса, смартфонды қолдануды дереу тоқтатып, дәрігермен кеңесіңіз. Жарық диодты ескерту шамы смартфоныңыздың алдыңғы жағында, оң жақ үстіңгі бұрышында орналасады. Егер смартфоныңызда фотокамера болса, оның жарқылды жарық диодты апертурасы смартфонның артқы жағында, фотокамера объективінің не үстінде, не оң жағында орналасады. Егер қояншық талмасына немесе көздің қарауытуына қатысты күдігіңіз болса, смартфоныңызды пайдаланбастан бұрын дәрігермен кеңесіңіз.

Осы диаграммада төмендегі мәтінде сипатталған құрамдас бөліктер көрсетілген.

Смартфонды заң бойынша хендсфри режимінде пайдалануға рұқсат етілмейінше, оны көлік жүргізгенде ешқашан пайдаланбаңыз. Смартфонды көлік жүргізу барысында пайдалану өзіңізге немесе басқаларға қауіп төніп, ауыр жарақат алуыңыз, өліп кетуіңіз не мүліктен айрылуыңыз мүмкін.

Осы диаграммада төмендегі мәтінде сипатталған құрамдас бөліктер көрсетілген.

Смартфонды жанар-жағар май бекетінде жанармай құю барысында пайдаланбаңыз, себебі өрт шығуы немесе жарылуы мүмкін.

Осы диаграммада төмендегі мәтінде сипатталған құрамдас бөліктер көрсетілген.

Смартфонды отқа тастамаңыз, себебі ол жарылып, ауыр жарақат алуыңыз, өліп кетуіңіз не мүліктен айрылуыңыз мүмкін.

Осы диаграммада төмендегі мәтінде сипатталған құрамдас бөліктер көрсетілген.

Ұшақтарда смартфонды өшіріп қойыңыз. Смартфонды ұшақта пайдалану ұшақ құралдарына, байланысқа, жұмысына және желіге кедергі жасап, ұшаққа, ұшақ экипажына және жолаушыларына қауіп төндіруі және оны пайдалану заңсыз болуы мүмкін.

Осы диаграммада төмендегі мәтінде сипатталған құрамдас бөліктер көрсетілген.

Смартфондар толықтай қауіпсіз болып табылмайды және жарылғыш газ, жарылғыш шаң немесе басқа жарылғыш химиялық заттар бар жерде қолдануға болмайды. Осындай аймақтардағы ұшқындардан жарылып немесе өрт шығып, ауыр жарақат алуыңыз, өліп кетуіңіз не мүліктен айрылуыңыз мүмкін.

Смартфонды қауіпсіз түрде пайдалану

  • Смартфонның үстіне ауыр зат қоймаңыз.
  • Смартфонды өзгертуге немесе жөндеуге тырыспаңыз.
  • BlackBerry берген смартфонның құжаттамасындағы нұсқауларда жазылмаса, смартфондағы ұяшықтарды жабуға немесе ішіне бір нәрсе салуға тырыспаңыз. Бұл әрекет токтың қысқа тұйықталуын, өртті немесе электр тоғының соғуын туғызуы мүмкін.
  • Экранға өткір заттарды пайдаланбаңыз.
  • Экранға артық күш түсірмеңіз.
  • Смартфонды немесе смартфонның көмекші құралдарын судың жанында (мысалы, ванна немесе қол жуғыштың қасында, дымқыл жертөледе немесе бассейннің жанында) пайдаланбаңыз.
  • Смартфонды немесе смартфонның көмекші құралдарын орнықсыз жерге қоймаңыз. Смартфон немесе смартфонның көмекші құралдары құлап түсіп, адамға ауыр жарақат беруі және смартфонға немесе смартфонның көмекші құралына зақым келтіруі мүмкін.
  • Смартфонның экраны шыныдан жасалған. Смартфон түсіп кетсе немесе шыны қатты қысылса, шыны шытынауы немесе сынып кетуі мүмкін. Егер шытынаса немесе сынса, экран жөнделгенше, шынысына тиіспеңіз.
  • Смартфоныңызды пайдаланғанда жиі үзіліс жасап тұрыңыз. Егер смартфонды пайдаланған кезде мойын, иық, алақан, білек, қол (соның ішінде бас бармақ пен саусақ) немесе басқа денеңізде ыңғайсыздық сезінсеңіз, құрылғыны пайдалануды дереу тоқтатыңыз. Егер ыңғайсыздық кетпесе, дәрігерге қаралыңыз.
ЕСКЕРТУ:
Құрылғыңызда 1-класты жарық диодты лазер өнімі бар. Басқару элементтерін немесе реттеулерді пайдаланудан не болмаса өнімнің/сынақтың дизайнында көрсетілгеннен басқа процедураларды орындаудан қауіпті жарық диодты лазер сәулесінің шығу немесе әсері болуы мүмкін.

Электр қауіпсіздігі

Смартфонды тек BlackBerry қамтамасыз еткен немесе осы смартфонмен пайдалану үшін BlackBerry арнайы мақұлдаған зарядтау құралдарымен зарядтаңыз. Батарея жүйесінің IEEE Std 1725 стандартына сәйкестігіне қойылатын CTIA сертификаттау талаптарына сай келмейтін зарядтау құралдарын пайдаланбаңыз, себебі олар өрт шығу, жарылу, батареяның ағу қаупін немесе басқа қауіп төндіріп, елеулі зақым келтіруі, қазаға немесе мүліктің бүлінуіне себеп болуы және кез келген кепілдіктің күшін жоюы мүмкін.

BlackBerry Passport смартфоны үшін мақұлданған зарядтау құралының үлгілері

Зарядтау кабельдері: HDW-50071-001, HDW-50071-002, HDW-50071-003, HDW-50071-004, HDW-51800-001, HDW-51800-002, HDW-59105-001, HDW-62449-001, HDW-62449-002

Айнымалы ток зарядтағыштары: HDW-58920-001, HDW-58921-001, HDW-58922-001, HDW-58923-001, HDW-58924-001, HDW-58925-001, HDW-58926-001

Батарея зарядтағышы: HDW-54535-001

Смартфонмен жеткізілетін зарядтау құралдарын немесе BlackBerry мақұлдаған басқа зарядтау құралдарын тек таңбаламасы бар жапсырмада көрсетілген қуат көзімен пайдаланыңыз. Кез келген қуат көзін пайдаланар алдында электр желісіндегі кернеудің қуат көзінде жазылған кернеумен сәйкес келетінін тексеріңіз. Смартфонды тек CTIA бойынша сертификатталған адаптерлерге, USB-IF логотипі бар өнімдерге немесе USB-IF сыйысымдылық бағдарламасынан өткен өнімдерге жалғаңыз.

Розеткаларды немесе ұзартқыш сымдарды шамадан тыс жүктемеңіз, себебі өрт шығуы немесе ток соғуы мүмкін. Сымның немесе розетканың бүліну қаупін азайту үшін зарядтау құралын розеткадан суырған кезде сымнан емес, ашасынан ұстаңыз.

Қуат сымының басылып қалмауын және қысылып қалмауын (әсіресе розеткаларда немесе қуат сымы смартфонға жалғанған жерлерде) қадағалаңыз. Қуат сымын басқа адамдардың құлап қалу немесе қылғыну сияқты жарақат алу қаупін төмендететіндей етіп орналастырыңыз. Найзағай кезінде немесе пайдаланылмаған кезде зарядтау құралдарын желіден ажыратыңыз. Зарядтау құралдарын сыртта немесе табиғат құбылыстары әсер ететін жерлерде пайдаланбаңыз.

Қуат көзіне қосу туралы қосымша ақпаратты смартфоныңызбен бірге берілген құжаттамадан қараңыз.

Смартфонға арналған қосалқы құралдарды сатып алу үшін, сымсыз байланыс қызметінің провайдеріне хабарласыңыз немесе www.shopblackberry.com веб-торабына кіріңіз.

Батарея қауіпсіздігі

Смартфоныңызда алынбалы литий-ионды батарея бар. Батареяны алуға тырыспаңыз. Батареяны алу смартфоныңыздың шектеулі кепілдігінің күшін жояды және батареяны зақымдауы мүмкін.

Батареяны дұрыс қолданбау өрт шығу, жарылу, химиялық күю немесе басқа қауіп төндіруі мүмкін. Батареяға сұйық заттарды тигізбеңіз. Батареяны 60°C-тан (140°F) жоғары қыздыруға болмайды. Батареяны 60 °C (140°F) температурадан артық қыздырса, батарея жануы немесе жарылуы мүмкін.

Осы диаграммада төмендегі мәтінде сипатталған құрамдас бөліктер көрсетілген.

Смартфонға және оның батареясына өрттің немесе ыстық тәрелкелер, плита беттері, жылытқыштар немесе духовкалар сияқты басқа сыртқы қызу көздерінің әсер етуін болдырмаңыз, өйткені бұл өртке немесе жарылысқа әкелуі мүмкін.

Осы диаграммада төмендегі мәтінде сипатталған құрамдас бөліктер көрсетілген.

Батарея ішіне бөгде заттарды салмаңыз. Батареяны қайта құрастыруға, бөлшектеуге, өзгертуге, бұзуға, тесуге, бүгуге немесе бөлшектеуге болмайды. Батарея қайта жасалған, бөлшектенген, өзгертілген, бұзылған, тесілген немесе кез келген басқа жолмен өзгертілген болса, ол батареяны пайдалануды дереу тоқтатыңыз.

Батареяны тұйықтамаңыз не батарея клеммаларына металл не ток өткізетін заттарды тигізбеңіз.

ЕСКЕРТУ:
Батареяны алуға тырыспаңыз. BlackBerry компаниясы IEEE Std 1725 стандартына сәйкес смартфондарда пайдалануға арналған батареяларды ұсынады. Кез келген басқа батареяларды пайдаланудан өрт шығуы, жарылуы, батарея ағуы не басқа қауіп төнуі мүмкін. Пайдаланылған батареяларды міндетті түрде осы құжатта берілген нұсқауларға сәйкес тастаңыз.
«Батарея жоқ» белгішесі Батарея қатесі белгішесі

Смартфонда бұл белгішелердің біреуі пайда болғанда, батареяға немесе батарея байланысына қатысты қате шықты. Смартфонды өкілетті қызмет көрсету орталығына жөндетуге беріңіз.

Қауіпсіз түрде көлік жүргізу және жаяу жүру

Смартфонды көлік жүргізу кезінде пайдаланбаңыз. Көлік жүргізу кезінде өте абай болыңыз; көлік жүргізу қауіпсіздігі – ең басты міндет. Көлік жүргізу аймақтарында сымсыз құрылғыларды пайдалануға байланысты заңдар мен ережелерді біліп, оларға бағынуға жауаптысыз.

Көлікті жүргізер алдында смартфоныңызды қауіпсіз жерге қойыңыз. Көлік пневматикалық жастықшамен жабдықталған болса, смартфонды немесе кез келген қосалқы құралдарды пневматикалық жастықшадан жоғары немесе ол үрленіп ашылатын жерге қоймаңыз. Пневматикалық жастықша үрленген кезде ауыр жарақат келтіруі мүмкін.

Радиожиілік сигналдары дұрыс орнатылмаған немесе дұрыс қорғалмаған моторлы көліктердегі электрондық жүйелерге әсер етуі мүмкін. Көлік өндірушісімен немесе оның өкілімен хабарласыңыз. Көлікке қандай да бір жабдық қосылған болса, оның өндірушісінен радиожиілік сигналдары туралы кеңес алыңыз.

Жаяу келе жатқанда немесе көп назарды қажет ететін әрекет кезінде смартфонды пайдаланбаңыз. Жолға немесе жаяу жүргіншілерге назар аудармасаңыз, ауыр жарақатқа, өлімге немесе мүліктен айрылуыңызға алып келуі мүмкін.

Қосалқы құралдар

Нақты смартфон үлгісімен тек BlackBerry мақұлдаған қосалқы құралдарды ғана пайдаланыңыз. Мақұлданбаған қосалқы құралдарды пайдалану кез келген тиісті рұқсаттарды немесе кепілдіктің күшін жоюы, смартфонды істен шығаруы және қауіпті болуы мүмкін.

Тасымалдау шешімдері: смартфоныңыз үшін жинақпен бірге қалта (денеге тағылатын қосалқы құрал) берілмеуі мүмкін. Смартфоныңызды денеге тағып жүрген жағдайда, смартфонды әрдайым BlackBerry мақұлдаған белдікке қыстырғышы бар смартфон қалтасына салып жүріңіз. Смартфоныңызды алып жүргенде BlackBerry компаниясы қамтамасыз еткен немесе мақұлдаған белдікке қыстырғышы бар қалтаны пайдаланбасаңыз, смартфоныңыз деректерді тасымалдап жатқанда смартфонды бойыңыздан 15 мм (0,59 дюйм) алыс ұстаңыз. Смартфонның қандай да бір деректер мүмкіндігін (мысалы, электрондық хаттар, PIN хабарлары, MMS хабарлары немесе браузер қызметі) USB кабелі арқылы немесе онсыз қолдану кезінде смартфонды бойыңыздан кемінде 15 мм (0,59 дюйм) алыс ұстаңыз. BlackBerry компаниясы мақұлдамаған немесе шығармаған қосалқы құралдарды пайдалану смартфонның радиожиілік сигналдарын шамадан тыс асырып жіберуі мүмкін. Радиожиілік сигналдарын шығару стандарттарының шегінен асырудың денсаулыққа ұзақ уақыт әсерін қазір ғалымдар зерттеп жатыр. Радиожиілілік әсері туралы қосымша ақпаратты осы құжаттың «Сәйкестік туралы ақпарат» бөлімінен қараңыз.

Смартфондарға арналған көптеген BlackBerry мақұлдаған тасымалдау бұйымдары (мысалы, қалталар, қаптар пен сауыттар) құрамында магнит бар. Магниттік сызық бөліктері бар заттарды (мысалы, төлем карталары, несие карталары, қонақ үй кілт карталары, телефон карталары немесе соған ұқсас заттар) мұндай тасу құралдары жанына қоймаңыз. Магнит магниттік сызықта сақталатын деректерді зақымдауы немесе жоюы мүмкін.

Магнитометр

Сіздің смартфоныңызда магнитометр бар. Магнитометрді Compass (Компас) қолданбасы сияқты қолданбалар пайдаланады. Магниттер немесе телефон қаптары, құлақаспаптар немесе мониторлар сияқты ішінде магниті бар құрылғылар магнитометрдің дәлдігіне кері әсер етуі мүмкін. Орналасқан жеріңізді анықтағанда, әсіресе, төтенше жағдайда магнитометрді пайдаланатын қолданбаларға ғана сеніп қалмаңыз.

Мультимедиа

Кейбір юрисдикцияларда смартфондағы белгілі бір мүмкіндіктердің пайдаланылуына тыйым салынуы немесе шектеу қойылуы мүмкін. Фотосуреттерді түсірген, өңдеген немесе пайдаланған кезде барлық заңдарды, ережелерді, рәсімдер мен саясаттарды, соның ішінде, бірақ олармен шектелмей, кез келген авторлық құқық, жеке құпиялық, сауда құпиясы немесе заңнамаңызда оның орнында болуы мүмкін ережелерді орындаңыз. Басқалардың жеке құқықтарын сыйлаңыз. Авторлық құқықтар сізге кейбір суреттерді, музыканы (соның ішінде қоңырау әуендерін) немесе басқа мазмұндарды көшіруге, өзгертуге, көшіруге не қайта жіберуге жол бермейді.

Аудио файлдар: Аудио файлдарды жоғарғы дыбыс деңгейімен тыңдағанда (әсіресе құлақаспап тағып), есту қабілетінен мүлдем айрылуға болады. Маңайдағы шуды естімеу мақсатында құлаққаптың үнділігін көтермеңіз. Егер құлағыңызда шу естілсе немесе сөзді дұрыс естімесеңіз, дәрігерге қаралыңыз.

Есту қабілетінен айырылу бойынша ескерту суреті.

Камера: Смартфонда камера бар болса, камераны күнге немесе басқа жарық сәулеге қаратпаңыз. Олай істеу көзге ауыр зақым келтіруі немесе смартфонды зақымдауы мүмкін. Камераның жарқылын пайдаланғанда, камера жарқылының LED апертурасын нысанның көзінен кемінде 19,69 дюйм (50 см) қашықтықта ұстаңыз.

Антенна

Тек берілген кірістірілген антеннаны пайдаланыңыз. Антеннаны рұқсатсыз өзгерту немесе орнату әрекеті смартфонды бүлдіріп, АҚШ үкіметінің FCC (Федералдық байланыс комиссиясы) ережелерін бұзуы мүмкін.

Электрондық жабдыққа келтірілетін кедергі

Ең озық электрондық жабдық радиожиілік сигналдарынан қорғалған. Алайда, кейбір электрондық жабдықтар смартфоннан шығатын радиожиілік сигналдарынан қорғалмаған болуы мүмкін.

Кардиостимуляторлар: Радиожиілік сигналдарының кардиостимуляторға жасайтын ықпалы жөнінде сұрақтарыңыз болса, дәрігерден немесе кардиостимулятор өндірушісінен кеңес сұраңыз. Смартфонды нақты кардиостимуляторыңыздың жеке қауіпсіздік талаптарына сәйкес (оған төмендегі талаптар кіруі мүмкін) пайдаланып отырғаныңызды тексеріңіз: смартфон қосулы кезінде оны кардиостимулятордан әрқашан 7,88 дюйм (20 см) артық қашықтықта сақтаңыз, смартфонды төс қалтаға салып жүрмеңіз және ықтимал кедергілерді азайту мақсатында, қоңырау соғу мен қабылдау үшін кардиостимуляторға қарсы құлағыңызбен тыңдаңыз. Егер кедергі бар деген күдік болса, смартфоныңыздағы барлық сымсыз байланыстарды өшіріңіз, смартфонды пайдалануды тоқтатыңыз және дәрігерге хабарласыңыз.

Есту құралдары: Кейбір сандық сымсыз құрылғылар кейбір есту құралдарының жұмысына кедергі келтіруі мүмкін. Осындай кедергі болған жағдайда, басқа нұсқалары туралы сөйлесу үшін сымсыз қызмет пройвайдеріне немесе есту құралын өндірушіге хабарласыңыз.

Смартфоныңызда магнитометр бар, ол Compass (Компас) сияқты қолданбаларда қолданылады. Магнитометрді пайдаланатын қолданба есту құралына кедергі жасайтын болса, қолданбаны жабыңыз.

Басқа медициналық аспаптар: Басқа дербес медициналық аспапты пайдалансаңыз, медициналық аспаптың радиожиілік сигналдарынан жеткілікті қорғалғанын анықтау үшін өндірушіге хабарласыңыз. Бұл ақпаратты алуға дәрігеріңіз көмектесе алуы мүмкін.

Денсаулық сақтау мекемелері: Денсаулық сақтау мекемелерінің аумағында орналасқан ережелер бойынша талап етілсе, ондай аймақтарда смартфонын өшіріп қойыңыз. Ауруханалар немесе денсаулық сақтау мекемелері радиожиілік сигналдарына сезімтал жабдықтарды пайдалануы мүмкін.

Ұшақ: FAA (Федералдық авиация әкімшілігі) және FCC (Федералдық байланыс комиссиясы) ережелері бойынша ұшу кезінде сымсыз құрылғылардың радиоқабылдағышын пайдалануға тыйым салынады. Ұшаққа мінер алдында смартфонның барлық сымсыз байланыстарын ажыратыңыз. Сымсыз байланыстары қосылып тұрған смартфонды ұшақта пайдаланудың әсері беймәлім. Осындай пайдалану ұшақтың құралдарына, байланысқа және жұмысына кедергі келтіруі, желіні бұзуы, ұшқыштың жұмысына басқаша қауіп төндіруі және заңсыз болуы мүмкін. Смартфонның сымсыз байланыстарының барлығын ажыратып, электрондық құрылғыларға арналған әуе жолы ережелеріне сәйкес құрылғының радиобайланысты қажет етпейтін қолданбаларын ғана пайдаланыңыз.

Қауіпті орталар

Смартфоныңыз шын мәнінде қауіпсіз емес және газ булары, жарылғыш шаң, атомдық қондырғыларды пайдалану, авианавигация немесе байланыс қызметтері, әуе трафигін басқару, тіршілікті қамтамасыз ету немесе қару-жарақ жүйелері бар жерлер сияқты қауіпті орталарда пайдалануға жарамайды.

Жарылыс ықтималдығы бар орталар: Жарылыс ықтималдалығы бар ортада болсаңыз, смартфоныңыздағы бүкіл сымсыз қосылымдарды ажыратып, белгілердің және нұсқаулардың барлығын орындаңыз. Мұндай аумақта ұшқынның пайда болуы жарақат алуға немесе тіпті қазаға әкеп соғатын жарылысқа немесе өртке себеп болуы мүмкін.

Жарылыс қаупі бар жерлер көбінесе, бірақ әрқашан емес, анық таңбаланатын болады. Осылардың ішіне газ немесе жанармай стансалары сияқты жағармай құятын стансалар; кеме палубасының асты; жағармай немесе химиялық заттарды тасымалдау немесе сақтау құрылыстары; пропан немесе бутан сияқты сұйылтылған мұнай газымен жүретін көлік құралдары; ауасының құрамында химиялық заттар немесе түйіршік, шаң, металл тозаңдары сияқты бөлшектер бар аймақтар; және көлік моторын сөндіру ұсынылатын кез келген басқа мекендер жатады.

Газ жылыстайтын маңда, газдың шыққаны туралы хабар беру үшін смартфондағы телефонды пайдаланбаңыз. Сол жерден кетіп, смартфондағы телефон жұмыс істесе, қауіпсіз жерден телефон соғыңыз.

Жарылыс аймақтары: «Жарылыс аймағында» немесе екі жақты байланыс радио құрылғылары өшірілуі қажет аймақта болғанда, жарылыс жұмыстарына кедергі жасамау үшін, смартфоныңыздағы бүкіл сымсыз байланыстарды ажыратып, барлық белгілердің және нұсқаулардың талаптарын орындаңыз.

Пайдалану және сақтау температуралары

Смартфон мен смартфонның зарядтағышы төмендегі кестеде белгіленген температуралардың аралығында жұмыс істеу және сақтау үшін жасақталған:

Смартфонды пайдалану: 0 - 35 °C

Смартфонды сақтау (3 айдан азырақ): -20 - 35°C

Смартфонды сақтау (3 ай немесе одан көп): 22 - 28°C

Зарядтағыш әрекеті: 0 - 35°C

Зарядтағышты сақтау: -30 - 75°C

Смартфонды немесе смартфонның көмекші құралдарын ұсынылған температура ауқымынан тыс пайдалану не сақтау смартфонның қызуына әкеліп, ауыр жарақат не өлімге немесе смартфонның, смартфон көмекші құралдарының не литийлі-ионды батареяның зақымдалуына апарып соғуы мүмкін.

Смартфонды немесе смартфонның көмекші құралдарын радиатор, жылытқыш, пеш немесе басқа да жылытқыш аспаптар (соның ішінде күшейткіштер) сияқты қызу көздерінен аулақ ұстаңыз. Смартфоныңызды екі аптадан көбірек пайдаланбайтын болсаңыз, смартфон қуатын өшіріңіз.

Смартфонды тазалау және жөндеу

Тазалау: Сұйық, бүріккіш тазартқыштарды немесе еріткіштерді смартфон мен смартфонның керек-жарақтарына немесе олардың қасында пайдаланбаңыз. Тек жұмсақ шүберекпен тазалаңыз. Смартфонды немесе зарядтағыш көмекші құралды тазаламастан бұрын, компьютерден барлық кабельдерді ажыратып, барлық зарядтағыш құралдарды электр розеткасынан суырыңыз.

Жөндеу: Смартфон немесе кез келген зарядтағыш көмекші құралды өзгертуге, бөлшектеуге және оған қызмет көрсетуге тырыспаңыз. Алынбайтын батареяны ауыстыруға тырыспаңыз. Смартфон немесе зарядтағыш көмекші құралдардағы жөндеу мен батарея ауыстыру жұмыстарын тек қызмет көрсететін білікті мамандар орындауға тиіс және тек BlackBerry компаниясы нақты смартфон үлгісімен пайдалану үшін белгілеген батарея пайдаланылуы керек.

Төмендегі жағдайлардың кез келгені орын алса, қуат сымдарын компьютерден немесе электр розеткасынан ажыратып, смартфон немесе зарядтағыш көмекші құралды білікті қызмет көрсету маманына көрсетіңіз.
  • Қуат көзіне қосу сымы, аша немесе ағытпа зақымдалған.
  • Смартфонға немесе зарядтағыш көмекші құралға сұйық зат шашыраған немесе бір нәрселер құлаған.
  • Смартфонға немесе зарядтағыш көмекші құралға жаңбыр немесе су тиген.
  • Смартфон немесе зарядтағыш көмекші құрал қатты қызып кетеді.
  • Смартфон немесе зарядтағыш көмекші құрал құлаған немесе басқаша зақымдалған.
  • Пайдаланушы құжаттамасындағы нұсқауларды орындаған кезде смартфон немесе зарядтағыш көмекші құрал дұрыс жұмыс істемейді.
  • Смартфон немесе зарядтағыш көмекші құралдың жұмысында айқын өзгеріс байқалады.

Өрт шығу немесе электр тогының соғу қатерін азайту үшін тек смартфонның құжаттамасында ескерілген басқару элементтерін ғана реттеңіз. Басқа басқару элементтерін дұрыс реттемеу зақымға әкелуі мүмкін және көбінесе смартфонды, зарядтағыш көмекші құралын немесе басқа жабдықты қалпына келтіру үшін білікті маманның көп жұмысын талап етеді.

Смартфонның пайдаланушы құжаттамасындағы барлық қауіпсіздік нұсқауларын сақтамау шектеулі кепілдіктің күшін жоюы, кінәлі пайдаланушыға қызмет көрсетудің тоқтатылуына немесе бас тартылуына, сот талабына немесе екеуіне де әкелуі мүмкін.

Смартфонды және батареяны тастау

Толған қоқыс себетінің кескіні

Смартфонды немесе батареяны тұрмыстық қоқыс контейнеріне немесе отқа лақтырмаңыз.

Қайта өңдеу логотипінің кескіні

Смартфон және батарея мүмкін болғанда өңделе алады. Бұл белгі қайта өңделеген материалдардың қолданылуын көрсету үшін арналмаған.

Батареяны қоқысқа тастау туралы ақпарат алу үшін 1-800-822-8837 нөміріне хабарласыңыз

Америка Құрама Штаттарында және Канадада смартфоныңыз бен батареяны Call2Recycle бағдарламасы бойынша тастауға болады. Қосымша ақпарат алу үшін Америка Құрама Штаттарында www.call2recycle.org сайтына, ал Канадада www.call2recycle.ca сайтына кіріңіз.

Өңдеу және қауіпсіз тастау үшін смартфон мен керек-жарақтарды BlackBerry компаниясына қайтару туралы ақпаратты алу үшін компьютердің браузерінен www.blackberry.com/recycling немесе https://tradeup.blackberry.com мекенжайына өтіңіз. Өңдеу және көтерме сауда бағдарламалары белгілі орталарда қол жетімді.

Егер бұл бағдарламалар аймағыңызда ұсынылмаған болса, жергілікті әкімшілікпен бірге электронды өнімдердің тиісті тасталуына қатысты ережелерді тексеріңіз.

Смартфоныңызды және оның батареясын сіздің аймақтағы осындай батарея түрлерін лақтыруды басқаратын заңдар мен ережелерге сай лақтырыңыз.

Сәйкестік туралы ақпарат

Радио жиілік сигналдарының әсері

Смартфон радиосы — төмен қуатты радио сигналдарын таратқыш және қабылдағыш. Ол FCC (Федералдық байланыс комиссиясы), IC (Канаданың өнеркәсіп министрлігі) және Еуропалық Одақ Кеңесінің нұсқаулары мен шектеулеріне, сонымен бірге сымсыз құрылғылардың радиожиілік сигналдарын шығарудың қауіпсіздік деңгейлеріне қатысты басқа да маңызды халықаралық нұсқауларға сәйкес жасалған. Бұл нұсқауларды тәуелсіз ғылыми сарапшылар, үкіметтер және ұйымдар, оның ішінде IEEE (Электротехника және электроника бойынша инженерлер институты), NCRP (Ұлттық радиациядан қорғау және өлшемдер кеңесі) және ICNIRP (Халықаралық ионсыздандырылған радиациядан қорғау комиссиясы) әзірлеген.

FCC (Федералдық байланыс комиссиясы), IC (Канаданың өнеркәсіп министрлігі), ЕО және басқа да маңызды халықаралық радиожиілік сигналдарын шығару нұсқаулары мен шектеулерін сақтау үшін смартфонды денеден кемінде 1,5 см (0,59 дюйм) алыс ұстаңыз. Смартфонды денеге тағып жүргенде, BlackBerry қамтамасыз еткен немесе мақұлдаған біртұтас белдік қапсырмасымен жабдықталған қосалқы құралдарды ғана пайдаланыңыз. Егер BlackBerry жеткізбеген дене құралын пайдалансаңыз, қосалқы құралдың құрамында металдың болмауын тексеріп, смартфонды денеден кемінде 1,5 см (0,59 дюйм) алыс ұстаңыз.

Радиожиілік сигналдарын шығаруды азайту үшін: (i) смартфонды сымсыз байланыс сигналы күшті жерлерде пайдаланыңыз; (ii) хендсфри опцияларын пайдаланыңыз және (iii) сөйлесуге кететін уақыт мөлшерін азайтыңыз немесе оның орнына электрондық хат, мәтіндік хабарлама немесе BBM хабарын жіберіңіз.

Меншікті сіңіру коэффициенті туралы мәлімет

ОСЫ БӨЛІМДЕГІ НҰСҚАУЛАРҒА САЙ ҚОЛДАНЫЛҒАН КЕЗДЕ СЫМСЫЗ ҚҰРЫЛҒЫНЫҢ БҰЛ ҮЛГІСІ РАДИОТОЛҚЫНДАР ӘСЕРІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ҮКІМЕТ ТАЛАПТАРЫНА СӘЙКЕС КЕЛЕДІ.

Смартфон алдыңғы бөлімде сипатталғандай қолданылған кезде АҚШ үкіметінің FCC (Федералдық байланыс комиссиясы) бекіткен және Еуропалық одақ кеңесі ұсынған радиожиілік қуаты әсерінің шектерінен аспайтын етіп жобаланған және жасалған. Бұл шектеулер толық нұсқаулықтың бір бөлігі болып табылады және көпшілік үшін рұқсат етілген радиожиілік (РЖ) қуатының деңгейін белгілейді. Бұл нұсқаулар тәуелсіз ғылыми ұйымдар мерзімді әрі мұқият ғылыми зерттеулер арқылы әзірлеген стандарттарға негізделген. Сымсыз құрылғылардағы әсер ету стандарты үшін меншікті сіңіру коэффициенті немесе МСК (SAR) деп аталған өлшем бірлігі қолданылады. FCC белгілеген МСК шегі 1,6 Вт/кг* құрайды. Еуропалық одақ кеңесі ұсынған МСК шектік мәні 2,0 Вт/кг** құрайды. МСК сынақтары барлық тексерілген жиілік жолақтарындағы ең жоғары рұқсат етілген қуат деңгейінде сигнал тарататын құрылғыда, FCC белгілеген стандартты жұмыс күйінде өткізіледі. МСК рұқсат етілген ең жоғары қуат деңгейі ретінде белгіленсе де, жұмыс істеп тұрған құрылғының ағымдағы МСК мәні ең жоғары деңгейден төмен болуы мүмкін. Мұның себебі — құрылғы желіге жету үшін қажетті қуатты ғана пайдаланып, бірнеше қуат деңгейінде жұмыс істейтін етіп жасалған. Әдетте, негізгі сымсыз станция антеннасына неғұрлым жақын болсаңыз, қуат шығысы солғұрлым төмен болады.

Құлақтың жанында тексерілген кезде бұл смартфонның ең жоғарғы МСК мәні:

Cмартфон

МСК (Вт/кг) 1 г үшін (FCC/IC)

МСК (Вт/кг) 1 г үшін (Индия)

МСК (Вт/кг) 10 г үшін (R&TTE)

BlackBerry Passport SQW100-1 смартфоны (үлгі нөмірі RGY181LW)

0,58

0,50

0,33

BlackBerry мақұлдаған, біртұтас белдік қапсырмасы бар қалтасында және денеден 1,5 см (0,59 дюйм) қашықтықта тексерілгенде, осы смартфон үшін ең жоғары МСК мәні:

Cмартфон

МСК (Вт/кг) 1 г үшін (FCC/IC)

МСК (Вт/кг) 1 г үшін (Индия)

МСК (Вт/кг) 10 г үшін (R&TTE)

BlackBerry Passport SQW100-1 смартфоны (үлгі нөмірі RGY181LW)

1,45

1,18

0,49

Мобильді хот-спот режимінде жұмыс істегенде, осы смартфон үшін ең жоғары МСК мәні:

Cмартфон

МСК (Вт/кг) 1 г үшін (FCC/IC)

BlackBerry Passport SQW100-1 смартфоны (үлгі нөмірі RGY181LW)

1,44

Денеге тағу өлшемдері (ұсынылған арақашықтықтар) жинақтағы немесе қолжетімді қосалқы құралдар мен қолданыстағы FCC (Федералдық байланыс комиссиясы), IC (Канаданың өнеркәсіп министрлігі) және Еуропалық Одақ Кеңесінің талаптарына байланысты сымсыз құрылғыларда, оның ішінде смартфондарда әр түрлі болады.

FCC (Федералдық байланыс комиссиясы) осы бөлімдегі нұсқауларға сәйкес пайдаланылған кезде радиожиілік сигналдары әсері туралы нұсқауларына сай келетін есепте берілген смартфонның МСК деңгейлері негізінде осы смартфонға жабдықты қолдану рұқсатын берді. Осы смартфонның МСК мәні туралы ақпарат FCC (Федералдық байланыс комиссиясы) файлында сақтаулы және төменде берілген смартфонды FCC (Федералдық байланыс комиссиясы) идентификаторымен іздегеннен кейін www.fcc.gov/oet/ea сайтының Display Grant (Гранттарды көрсету) бөлімінен табуға болады.

Cмартфон

FCC ID

BlackBerry Passport SQW100-1 смартфоны (үлгі нөмірі RGY181LW)

L6ARGY180LW

МСК туралы қосымша ақпаратты www.ctia.org (CTIA - The Wireless Association) немесе www.tele.soumu.go.jp/e/index.htm (Ішкі істер және Байланыс министрлігінің телекоммуникация бюросы) сайтынан алуға болады.

___________________________________

* АҚШ-та және Канадада көпшілік қолданатын мобильді құрылғылар үшін МСК шектік мәні дене немесе бас тінінің 1 грамына орташаланған 1,6 Ватт/кг (Вт/кг) (қол-аяқ, білек, тобық және табан үшін тіннің 10 грамына орташаланған 4,0 Вт/кг) құрайды.

** Еуропада көпшілік қолданатын мобильді құрылғылар үшін МСК шектік мәні дене немесе бас тінінің 10 грамына орташаланған 2,0 Ватт/кг (Вт/кг) (қол-аяқ, білек, тобық және табан үшін тіннің 10 грамына орташаланған 4,0 Вт/кг) құрайды. Бұл стандартта адамдардың қауіпсіздігін қосымша қамтамасыз етіп, өлшемдердің кез келген өзгерістерін ескеру үшін елеулі қауіпсіздік коэффициенті қамтылғанын зерттеулер анықтады.

FCC сәйкестік мәлімдемесі (АҚШ)

FCC B кластық 15-бөлім

Бұл смартфон Федералдық байланыс комиссиясы (FCC) ережелерінің 15-бөліміне сәйкес келеді. Төменде келтірілген екі жағдайда іске пайдалануға болады: (1) бұл смартфон зиянды бөгеуілді тудырмауы мүмкін және (2) бұл смартфон қабылданған кез келген бөгеуілді, соның ішінде керексіз жұмысқа себеп болатын бөгеуілдерді қабылдауы тиіс.

ЕСКЕРТУ:
Сәйкестік үшін жауапкершілік көтеретін тарап айқын құптамаған жағдайда, осы жабдықты өзгерту немесе түрлендіру пайдаланушының осы жабдықпен жұмыс істеу уәкілеттігінің күшін жоюы мүмкін.

Бұл жабдық сынақтан өткізілді және FCC ережелерінің 15-бөліміне сәйкес B кластық цифрлық құрылғыға қойылатын шектеулерге сай деп танылды. Бұл шектеулер тұрғын жайларда орнатылған кездегі зиянды бөгеуілден жеткілікті қорғанысты қамтамасыз ететін түрде жасалған. Бұл жабдық радиожиілік қуатын шығарады, пайдаланады және таратуы мүмкін, сондықтан өндірушінің нұсқауларына сәйкес орнатылып, пайдаланылмаса, радиобайланысқа зиянды кедергі тудыруы мүмкін.

Алайда, белгілі бір жерде орнатылған кезде бөгеуіл пайда болмайтынына кепілдік жоқ. Егер бұл жабдық радио немесе телесигналдар қабылдауға зиянды кедергі тудыратын болса (мұны жабдықты өшіріп, қайта қосу арқылы анықтауға болады), пайдаланушы мұндай кедергіні жою үшін төмендегі шаралардың бірін немесе бірнешеуін қолданып көруі тиіс: қабылдау антеннасының бағытын немесе орнын өзгерту, жабдық пен радиоқабылдағыш аралығын үлкейту, жабдықты электр тізбегіндегі қабылдағыш қосылған розеткадан басқа розеткаға жалғау немесе көмек алу үшін дилермен немесе тәжірибелі радио немесе теледидар жөндеуші маманмен ақылдасу.

Федералдық байланыс комиссиясының (FCC) есту құралдарының сымсыз құрылғылармен сыйысымдылығына қойылатын талаптары туралы АҚШ ақпараты

Сымсыз құрылғылар есту құралдарына (есту аппараттары немесе кохлеоимплантат) жақын пайдаланылған кезде, пайдаланушылар ызыңдаған, гуілдеген немесе ұлыған шуды байқауы мүмкін. Басқа құрылғылармен салыстырғанда кейбір құрылғылар осындай шуылға төзімді болады, сондай-ақ сымсыз құрылғылар шығаратын шуылдың көлемі әр түрлі болады.

Сымсыз телефон өнеркәсібі есту құрылғыларын пайдаланушыларға есту құрылғыларымен сыйысымды сымсыз құрылғыларды табуға көмектесетін баға кестесін әзірлеген. Сымсыз құрылғылардың кейбіреуіне баға берілген жоқ. Баға берілген сымсыз құрылғылардың қорабындағы басқа құптау таңбаларының жанында бағалау белгісі көрсетіледі.

Бұл берілген бағалар кепілдік болып табылмайды. Бағалау нәтижелері пайдаланушының есту құрылғысына және есту қабілетін жоғалтуына қарай әр түрлі болады. Егер есту құралыңыз шуылға төзімсіз болса, бағаланған сымсыз құрылғыны дұрыс пайдалана алмайсыз.

Құлақ дәрігерлерінен кеңес алып, есту құрылғысымен сымсыз құрылғының жұмысын тексеру арқылы оны өз қажетіңіз үшін бағалай аласыз.

Осы смартфон өзі пайдаланатын кейбір сымсыз технологиялар бойынша есту аппараттарымен бірге қолдану тұрғысынан сыналып, бағаланған. Алайда, осы смартфон есту аспаптарымен бірге қолданылу тұрғысынан тексерілмеген басқа сымсыз технологияларды пайдалануы мүмкін. Осы смартфонды есту құралы немесе кохлеоимплантатпен бірге қолданған кезде кедергі келтіретін шуылдың естілетінін анықтау үшін смартфонның түрлі мүмкіндіктерін түрлі орталарда мұқият тексеріп көру өте маңызды. Құрылғыны қайтарып беру және ауыстыру саясаттары мен есту құралының сыйысымдылығы туралы ақпарат алу үшін сымсыз байланыс қызметін көрсетушімен кеңесіңіз.

Бағалау тәсілі

M бағалауы: M3 немесе M4 таңбалармен бағаланған FCC талаптарына сай, және бағаланбаған сымсыз құрылғыларға қарағанда есту құрылғыларында аз шуыл шығарады. M4 осы екі бағаның ішіндегі ең жақсы немесе жоғары баға болып табылады.

T бағалауы: T3 немесе T4 meet таңбалармен бағаланған FCC талаптарына сай, және таңбаланбаған сымсыз құрылғыларға қарағанда телеорауышпен («T Switch» немесе «Telephone Switch») пайдалану үшін жарамды. T4 осы екі бағаның ішіндегі ең жақсы немесе жоғары баға болып табылады. (Есту құрылғыларының бәрінде телеорауыш бола бермейтінін ескеріңіз.)

Есту құралдарын шуылдың осы түріне төзімділік жағынан тексеруге болады. Есту құралының өндірушісі немесе құлақ дәрігері есту құрылғыңыз туралы ақпаратты табуда көмектесуі мүмкін. Есту құралы неғұрлым төзімді болса, сымсыз құрылғының шуылын да сіз соғұрлым азырақ естисіз.

Сымсыз құрылғылармен сыйысымды есту құралдарына қатысты FCC әрекеттері және мүгедек адамдарға телекоммуникация қызметтерін пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында FCC жасаған қадамдар туралы қосымша ақпарат алу үшін www.fcc.gov/cgb/dro торабына кіріңіз.

Канада өнеркәсіп министрлігінің куәлігі

Осы смартфон Канада өнеркәсіп министрлігінің лицензия алуды талап етпейтін RSS стандарттарына сәйкес келеді. Жұмыс төмендегі жағдайларға байланысты болады: (1) бұл смартфон бөгеуілді тудырмауы мүмкін және (2) бұл смартфон кез келген бөгеуілді, соның ішінде смартфонның керексіз жұмысқа себеп болатын бөгеуілдерді қабылдауы тиіс.

BlackBerry Passport SQW100-1 смартфоны (үлгі нөмірі: RGY181LW) Канада өнеркәсіп министрлігінің RSS 102, RSS 130, RSS 132, RSS 133, RSS 139, RSS 199, RSS-GEN және RSS 210 стандарттарына 2503A-RGY180LW куәлік нөмірі бойынша сәйкес келеді.

5150-5250 МГц жиілігінде жұмыс істейтін смартфон бір арнадағы мобильді жерсерік жүйелеріне зиянды кедергіні азайту үшін тек жабық жайда қолданылады.

Смартфондар үшін 5250-5350 МГц және 5470-5725 Мгц жиіліктерінде антенна күшеюінің рұқсат етілген ең үлкен коэффициенті EIRP шектеулеріне сай болуы керек.

Смартфондар үшін 5725-5825 МГц жиілігінде антенна күшеюінің рұқсат етілген ең үлкен коэффициенті екі нүктелік және екі нүктелік емес жұмыс үшін лайық деп көрсетілген EIRP шектеулеріне сай болуы керек.

Жоғары қуатты радарлар 5250-5350 және 5650-5850 МГц жолақтарының бірінші кезекті пайдаланушылары (яғни негізгі пайдаланушылар) ретінде тағайындалған және бұл радарлар LE-LAN смартфондарына кедергі және/немесе зақым келтіруі мүмкін екенін ескеріңіз.

B класына сәйкестігі

Осы смартфон Канада өнеркәсіп министрлігінің ICES-003 «Ақпараттық сандық жабдық (АСЖ) - Шектеулер мен өлшеу әдістері» деп аталатын радиокедергі тудыратын жабдыққа арналған стандартында көрсетілген радиокедергілерге қойылатын шектеудің В класына сәйкес келеді.

Еуропа Одағы ережелеріне сәйкестік

BlackBerry компаниясы осы құжат арқылы осы смартфон Радио және телекоммуникациялық терминалдық жабдық (R&TTE) директивасы 1999/5/EC нұсқауларының маңызды талаптарына және басқа тиісті ережелеріне сай екенін мәлімдейді.

BlackBerry Passport SQW100-1 смартфоны (үлгі нөмірі RGY181LW): 0168 CE таңбаламасы

1999/5/EC (HG №88/2003) директивасы бойынша жасалған сәйкестік декларациясын www.blackberry.com/go/declarationofconformity. веб-торабынан қарауға болады.

Сіздегі смартфон Wi-Fi мүмкіндігін қолдаса, смартфоныңызды Еуропа Одағына мүше барлық елдердегі Wi-Fi желілерінде пайдалануға болады. Бұл жабдықты Түркияда пайдалануға болады.

Еуропалық одақ комиссиясының 2007 жылғы 12 ақпандағы шешімінің ресми жаршысында 5150-5350 ГГц арасындағы жиілік ауқымында сымсыз кіру жүйелерінің (WAS), соның ішінде жергілікті радио желілерінің тек жабық жайда қолданылуы керектігі көрсетілген. Желі сымсыз кіру нүктесінің домені ішінде жасалатындықтан және кіру нүктесі басты құрылғы болатындықтан, смартфон 5150-5350 ГГц аралығындағы жиілік ауқымындағы арнайы режимде желі жасауды ешқашан бастамайды немесе желіге қосылмайды.

Қосымша нормаларға сәйкестік

Смартфонға арналған стандарттарға және реттеуші органдардың талаптарына сәйкестік туралы арнайы ақпаратты BlackBerry компаниясынан алуға болады.

Бұл смартфонда пайдаланылған лазерлік сенсор модулі Халықаралық Электротехникалық Комиссияның (ХЭК) мына стандартына сай келеді: IEC/EN 60825-1 2007-03 2.0. шығарылымы.

Смартфонның FCC ID, IC сертификат нөмірі, үлгісі мен тиісті ақпаратты көру үшін, бастапқы бет экранының жоғары жағынан төмен қарай сипаңыз. Параметрлер > Телефон ақпараты опциясын түртіп, ашылмалы тізімнен Бақылау органының рұқсаты тармағын таңдаңыз.

Өнім туралы ақпарат: BlackBerry Passport SQW100-1 смартфоны

Механикалық сипаттары:

Салмағы: литий-ионды батареясымен бірге шамамен 6,9 унция (194,4 г)

Өлшемі (Ұ x Е x Б): 5 x 3,6 x 0,4 дюйм (128 x 90,3 x 9,3 мм)

3 ГБ жады, 32 ГБ қолданыс жады, microSD картасының слоты

Келесі лазерлік сенсор модулінің сипаттары смартфоныңызға қолданылуы мүмкін:

1-класты лазерлі өнім

Ең жоғарғы орташа сәуле шығару қуаты: 0,18 мВт

Қуат сипаттамалары:

Алынбайтын, қайта зарядталмалы литий-ионды батарея

3 В, 1,8 В нано-SIM карталарын қолдайды

Деректерді синхрондауға және зарядтауға арналған порт үйлесімділігі: micro USB 2.0, micro USB 3.0

Ұялы желілік радио сипаттамалары:

Сегіз диапазонды LTE қолдауы: LTE 700, LTE 800, LTE 900, LTE 1800, LTE 1900, LTE 2100, LTE 2300, LTE 2600 МГц диапазондар

Бес диапазонды HSPA+ қолдауы: UMTS 800/UMTS 850, UMTS 900, PCS 1900, IMT 2100 МГц диапазондар

Қуат класы: 1-класс (PCS 1900), E2 класы (PCS 1900), 3-класс (UMTS, LTE)

Сигнал жіберу жиілігі: 704 - 716 МГц, 824 - 849 МГц, 832 - 862 МГц, 880 - 915 МГц, 880 - 950 МГц, 1710 - 1755 МГц, 1710 - 1785 МГц, 1850 - 1910 МГц, 1920 - 1980 МГц, 2500 - 2570 МГц

Қабылдау жиілігі: 734 - 746 МГц, 791 - 821 МГц, 925 - 960 МГц, 1805 - 1880 МГц, 1930 - 1990 МГц, 2110 - 2155 МГц, 2110 - 2170 МГц, 2300 - 2400 МГц, 2570 - 2620 МГц, 2620 - 2690 МГц

Wi-Fi желілік радио сипаттамалары:

Сымсыз LAN стандарты: IEEE 802.11a, IEEE 802.11ac, IEEE 802.11b, IEEE 802.11g, IEEE 802.11k, IEEE 802.11n, IEEE 802.11r

IEEE 802.11b/IEEE 802.11g/IEEE 802.11k/IEEE 802.11n/IEEE 802.11r үшін сигнал беру және қабылдау жиілігі: 2,412 - 2,472 ГГц

IEEE 802.11a/IEEE 802.11ac/IEEE 802.11k/IEEE 802.11n/IEEE 802.11r үшін сигнал беру және қабылдау жиілігі: 5,180 - 5,825 ГГц

Bluetooth радио сипаттамалары:

Бір диапазонды қолдау: ISM 2,4 ГГц

Сигнал беру және қабылдау жиілігі: 2402 - 2480 МГц

Bluetooth 1-класы

Смартфоныңыз NFC технологиясын қолдаса, төмендегі техникалық сипаттамалар қолданылуы мүмкін:

Жұмыс жиілігі: 13,56 МГц

Қолдау көрсетілетін режимдер: оқу/жазу, карта эмуляциясы, тең деңгейлі байланыс

Ресми ескертпе

©2015 BlackBerry. Барлық құқықтары қорғалған. BlackBerry® және байланысты сауда белгілері, атаулар мен ентаңбалар BlackBerry Limited компаниясының меншігі болып табылады және АҚШ-та және дүниежүзі елдерінде тіркелген және/немесе пайдаланылады. Bluetooth Bluetooth SIG ұйымының сауда белгісі. Call2Recycle — Call2Recycle, Inc. корпорациясының сауда белгісі. CTIA - The Wireless Association CTIA - The Wireless Association компаниясының сауда белгісі болып табылады. GSM GSM MOU қауымдастығының сауда белгісі болып табылады. IEEE Std 1725, IEEE 802.11a, 802.11b, 802.11g, IEEE 802.11ac, 802.11k, 802.11r, және 802.11n Электр техникасы және электроника инженерлері институтының сауда белгілері болып табылады. LTE және UMTS Еуропалық телекоммуникация стандарттары институтының (ETSI) сауда белгілері болып табылады. Wi-Fi Wi-Fi Alliance одағының сауда белгісі болып табылады. Барлық басқа сауда белгілері тиісті иелерінің меншігі болып табылады. Бұл құжаттама, соның ішінде қамтамасыз етілген немесе BlackBerry торабынан қол жетімді етілген құжаттама ретінде мұнда сілтеме ретінде кірістірілген барлық құжаттама «сол қалпында» және ешқандай шартсыз, растаусыз, кепілдіксіз, ұсыныссыз немесе BlackBerry Limited компаниясы және оның филиалдары тарапынан ешқандай міндеттемесіз беріледі. Бұлардың бәрінен қолданыстағы заң бойынша рұқсат етілген деңгейде тікелей бас тартылады.

Кез келген BlackBerry өнімдерін не қызметтерін пайдалану шарттары BlackBerry компаниясының бөлек лицензиясында немесе басқа келісімінде берілген. ОСЫ ҚҰЖАТТАМАДАҒЫ ЕШНӘРСЕ BLACKBERRY ӨНІМДЕРІ МЕН ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ БӨЛІКТЕРІ ҮШІН ОСЫ ҚҰЖАТТАМАДАН ТЫС BLACKBERRY ТАРАПЫНАН ЖЕТКІЗІЛГЕН АНЫҚ ЖАЗЫЛҒАН КЕЛІСІМДЕРДІҢ НЕМЕСЕ КЕПІЛДІКТЕРДІҢ ОРНЫН БАСУҒА АРНАЛМАҒАН.


BlackBerry Limited
2200 University Avenue East
Waterloo, Ontario
Canada N2K 0A7

BlackBerry UK Limited
200 Bath Road
Slough, Berkshire SL1 3XE
United Kingdom

Канадада басып шығарылған